Маңғыстаудың сұлулығы америкалық The Washington Post басылымының көзімен

Маңғыстаудың сұлулығы америкалық The Washington Post басылымының көзімен

Қазақстанның бірегей табиғат ландшафты әлемдік БАҚ-тың назарына жиі түседі. Бұл біздің елге туристік бағыт ретінде қызығушылық артқанын көрсетеді. Америкалық танымал Washington Post газетінде Маңғыстау облысының көрікті жерлері туралы үлкен мақала жарық көрді. Автор өзінің жеке саяхат тәжірибесімен бөлісіп, Бозжыра, Торыш шатқалдары мен Жығылған ойпатына сапары туралы оқырман аудиторияға әңгімелейді. Ол бұл аймақты әлемнің өзге танымал жерлерінен бөліп көрсетеді. Саяхатшыға Торыш шар тастар алқабы - ерекше әсер қалдырған. Басылымда Маңғыстау облысы үлкен масштабтағы панормаларымен есте қалар, жеке саяхатқа лайық туризм бағыты ретінде ұсынылған.


Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК Басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- «The Washington Post» беделді басылымы Маңғыстау өңірі туралы толық көлемді материал жариялады және мұндай жаһандық медианың Маңғыстауға назар аударуы негізсіз емес, себебі өңір туризмді дамыту бойынша Мемлекет басшысы белгілеген үш басым бағыттың бірі. Сондықтан біз ақпараттық жұмысқа баса назар аударамыз. Өткен жылы бірқатар ақпараттық тур ұйымдастырдық, өңірдің сұлу табиғатын әлемге паш ету мақсатымен шетелдік медианы шақырамыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?