Үндістанның көне ғажайыптарынан заманауи сәулет құрылымдарына дейінгі кесек
туындылары. Астанада үнді мәдениетіне арналған халықаралық көрме өтіп жатыр.
Президент орталығында бейнелеу өнерінің әртүрі мен жанрындағы 60-тан астам
шығарма ұсынылған. Экспонаттар Үндістанның ірі музейлерінің бірі – Бихар
қорынан әкелінді. «Адамзат, ескерткіштер және табиғат туралы триптих» экспозициясын
келушілер 1 ай бойы тамашалай алады. Сонымен қатар, іс-шара аясында
Президенттік орталық пен Бихар музейі арасында ынтымақтастық туралы
меморандумға қол қойылды.
Мумита Гхош, Бихара мұражайының кураторы:
- Негізі осы көрменің мағынасы адамзат, ескерткіштер және табиғаттың үйлесімі. Сондай ақ, біз бұрынғы заманғы суреттерді ғана емес, қазіргі танымал суретшілердің жұмыстарын алып келдік. Екі уақытты байланыстыратын керемет жәдігерлерді ұсынып отырмыз. Ал, меморандумға келетін болсақ, бұл қылқалам өнері мен жалпы өнердегі екі жақты байланысты жақсартуға үлкен мүмкіндік.
Әсел Күшенғалиева