Түркияда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының әлемдік премьерасы өтті

Түркияда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының әлемдік премьерасы өтті

Түркияда композитор Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының әлемдік премьерасы өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының репертуарындағы спектакль Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орайластырылған. Ыстамбұлдағы Ататүріктің бас мәдени орталығының сахнасында 300 әртіс өнер көрсетті.Олардың жанды дауыста орындаулары, әсерлі сахналық қойылымдары мен декорациялары ерекше атмосфера сыйлады. Бұл көрермендерге тек Ұлы даланың маңызды оқиғаларына куәгер болып қана қоймай, Алтын Орданың қалыптасу тарихына да терең үңілуге мүмкіндік берді. «Хан Сұлтан» спектаклі тарихта маңызды рөл атқарған нәзік жанды тағдыры туралы баяндайды. Ол Алтын Орданың ұлы қағандарының бірі: Берке ханның анасы және Жошы ханның үшінші әйелі болған. Түркияда бұл қойылымды екі күнде 4 мыңнан астам адам тамашалады. Олар операның әсерлі музыкасыны, декорациялары және қазақ операсының солистерінің шеберлігіне тәнті болды.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?