Өткен сенбі күні
Silk Way Star вокалдық жобасында нағыз музыкалық интрига өрбіді. Ән додасының
екінші кезеңінде қазақстандық қатысушы Әлем өзінің жарқын өнерімен қазылар
алқасын тағы бағындыра алды. Нәтижесінде екінші орынға тұрақтады. Бұл эпизодта қатысушылар ағылшын тілінде
әлемдік хиттерді орындады. Грузия, Өзбекстан және Армения қатысушыларын да қазылар
алқасы жоғары бағалады. Алайда, малайзиялық әнші Язмин Азиз өнер бәйгесінде
екінші апта қатарынан оза шауып келеді. Күміскөмей кезекті рет ең көп балл жинады.
Филиппиндік миллионер блогер Саймон Хавьер жерлес өнерпазды қолдау үшін арнайы
Астанаға ұшып келіпіті. Оның айтуынша, жоба жас әртістерге әлемдік атаққа ие
болуға мүмкіндік береді. Шетелдік мейман сондай-ақ алғаш рет аяқ басқан еліміз
туралы өз әсерімен бөлісті.
Саймон Хавьер, Блогер
/Филиппин/:
- Мен Язминді мақтан
тұтамын, өйткені Малайзия елінің намысын қорғау ол үшін бірегей мүмкіндік және
үлкен құрмет. Менің ойымша, ол бұл міндетін абройлы атқарып жатыр. Мен Silk Way Star жобасының барлық эпизодтарын
көруге асықпын. Болашақта жобаға Филиппин сияқты одан да көп ел қатысады деп
үміттенемін. Silk Way Star - тамаша байқау және мен бұл жобаның үлкен табысқа
жететініне сенімдімін.
Өкінішке орай Әзербайжан
өкілі Сабина Заденің осы байқау сахнасындағы соңғы өнері болды. Ол жобамен
қоштасты. Қалған қатысушыслар оны барынша қолдап, барлығы бірлескен
композицияны орындады. Еске салайық, Silk Way Star - Қазақстан астанасында өтіп
жатқан алғашқы халықаралық вокалдық байқау. Шоуда Әзірбайжан, Армения, Грузия,
Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан,
Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан келген орындаушылар өздерінің өнерлері мен төл
мәдени дәстүрлерін ортаға салады.

