Қазақстандық ардагерлер туралы ақпараттық портал іске қосылды

Қазақстандық ардагерлер туралы ақпараттық портал іске қосылды

Соғыс ардагерлерінің тағдыры жайында біліп, майдангерлерге қатысты тың ақпаратпен арнайы порталда бөлісуге болады. Қазақстанда batyrlargatagzym.kz сайты іске қосылды. Онда 100 мыңнан астам қазақстандық жауынгер туралы түрлі дереккөздерден мәлімет жиналған. Бұл қанат қақты жоба былтыр жүзеге асырылып, азаматтық қоғамның және еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Порталдың қызметтік мүмкіндіктері кеңейтіліп, деректер толыққанды жүйеленді. Бұдан былай майдангерді тегі, есімі, әкесінің аты бойынша табуға болады. Жоба авторлары жақында туған жерін, қызметін немесе шенін жазу арқылы да іздеуге мүмкіндік туатынын айтады. Бұған қоса кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттармен сайтты толықтыруға көмектесе алады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрі жобаның негізгі мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету  екенін алға тартады. Әзірлеушілер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай портал барлық отандық ардагерлер туралы деректерді біріктіре алатынына сенімді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?