Қазақстанда көрісу күні тойлануда

Бүгін Қазақстанда Көрісу күні аталып өтеді. Бұл мерекенің басқаша атауы – Амал мейрамы.

Ерте заманда 14 наурыз – жаңа жылдың бастауы болған. Бұл күні адамдар көктемнің келуімен бір-бірін құттықтап, тілек тілейді әрі бұрынғы өкпе-реніші үшін кешірім сұрайды, сонымен қатар, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.

Бұған дейін осы мейрамды атап өту еліміздің тек батыс өңірлерінде сақталып келген. Дегенмен бүгінде ол бүкіл ел аумағында кең таралып келеді.

Еліміздің барлық өңірлерімен қатар, Ресейдегі Астрахан, Саратов, Самар, Орынбор облыстарының қазақтары да тойлайды. Амал мейрамында дәстүр бойынша мол дастархан жайылып, ұлттық тағамдар дайындалады.