Қазақстанда су ресурстарының бірыңғай ақпараттық базасы жасалады

Қазақстанда су ресурстарының бірыңғай ақпараттық базасы жасалады

Қазақстанда су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалынып жатыр. Ол үшін салалық министрлік пен «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының мамандары бірлесе әрекет етуде. Оның ішінде еліміздің су шаруашылығына қатысты нысандар, атап айтқанда су қоймалары мен бөгеттері, шлюздер, суару жүйелері, каналдар мен жауын-шашын суын жинайтын арық пен өзгелері туралы ақпарат болады. Одан бөлек, бірыңғай ақпараттар базасы ауыз сумен шаруашылықта қолданылатын тіршілік нәрінің өз тұтынушысына дейінгі жолын толыққанды бақылап отырады.

 

Әлихан Сәлімжанов, Цифрландыру департаментінің сарапшысы:

–Бүгінде Қазақстанның бірнеше облысындағы суару жүйелерін цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта цифрландырылған элементтер, яғни, мәліметтерді ортақ ақпараттық базаға енгізу жоспарлануда.