Қазақстанның Маңғыстау өңірінде сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы
штангаларын шығаратын жаңа зауыт салынып жатыр. Инвестицияның жалпы көлемі 17 млрд
теңгеден асады. 12 гектар жерді алып жатқан ірі жоба былтыр басталған.
Қазір металл конструкцияларын монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін мұнай-газ
саласының қажеттіліктері үшін жыл сайын 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбыр
мен 540 мың сорғы штанга өндіруді жоспарлап отыр.
Жеңіс
Тұқаев, Құрылыс
компаниясының басшысы:
- Нысанның шатыры мен
қасбеті жабылып, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес қарқынды жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ, қазандық пен қосалқы станцияның құрылысы қатар жүріп жатыр.
Жабдықтарды орнату 20 ақпанда басталып, наурыз айының соңына дейін ғимараттың
контуры толығымен жабылмақ.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

