Қазақстан экспорт көлемі бойынша рекорд жаңартты. Оның деңгейі биылдың қаңтар-қыркүйек айларында 64 миллиард доларға жетті. Көрсеткіш өткен жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 47 жарым процентке өсіп, кейінгі 7 жылдағы жылдық жеткізілім көлемінен асып түсті. Бұл туралы еліміздің Ұлттық экономика министрлігі хабарлады. Қазақстан өнімінің көп бөлігін Италия, Қытай, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Түркия, Өзбекстан сынды мемлекеттерге импортайды. Еліміздің сыртқы саудасы жайында айтсақ, осы жылдың 9 айында өзгелермен тауар айналым 98 жарым миллиард долларды құрады. Бұл былтырдың сәйкес кезеңінен 35% көп.