Қазақстанда электрондық коммерция көлемі ұлғаюда. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, жалпы саудадағы е-Trading-тің үлесі 4 процентке жуық. Коронавирусқа дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш екі есе өскен, деп хабарлайды Рэнкинг порталы. Өткен жылы интернет сауданың жалпы көлемі 482 миллиард теңгені құраған. Маркетплейстерде бас-аяғы 45 миллионнан аса тапсырыс жасалыпты. Орташа чектің сомасы 5 мың теңгеден 10 жарым мың теңгеге дейін ұлғайған. Тауарларды электрондық алаңдардан сатып алушылардың дені – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындары. Қазақстандықтар интернет арқылы көбінесе ұялы телефон, электрондық құралдар және косметика сатып алады.