Сенат нақтыланған бюджет аясында мемлекеттік қарыз мәселесін тағы қарайды

Сенат нақтыланған бюджет аясында мемлекеттік қарыз мәселесін тағы қарайды

Парламенттің жоғарғы палатасы елдің мемлекеттік қарызын ескере отырып 2022 жылға арналған нақтыланған бюджетті тағы бір қарайды. Оны жақын күндері Мәжіліс депутаттары мақұлдағанын айта кеткен жөн. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, мемлекеттік қарыздың ұлғаю мәселесі бұрын да сынға алынған болатын. Содан кейін үкімет жағдайды бақылауға алуға уәде берген еді. Енді палата нақтыланған бюджет жобасын мұқият зерделейді. Қажет болса, жақын арада өзгерістер туралы ұсыныстар да айтылады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент Сенатының Төрағасы:

– Қазір нақты бірдеңе айту қиын. Құжатты күні кеше Мәжілістегі әріптестеріміз қарады. Бюджет жобасы бүгін бізге келіп түсуі тиіс. Біз оны мұқият зерттеп, мұқият қарастырамыз. Егер қандай да бір сұрақ туындаса, әрине оны көтереміз, үкімет өкілдеріне айтамыз. Нақты қандай мәселелер бойынша, нақты не айтатынымыз туралы түсініктеме беруге әлі ерте. Бірінші құжатпен бір апта болса да жұмыс істейік.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың басында Қазақстанның мемлекеттік қарызы 22 триллион теңгеге жетті. Бұл Жалпы ішкі өнімнің 27,4 процентін құрайды.

 

Автор: Ақзер Сегізбай