Екі ел кинематографистерінің бірлескен картинасы кең прокатқа шықты. Картинаны түсірушілердің айтуынша, басты мақсат – өмірде шынайы достықтың бар екенін көпшілікке көрсету.
Иракли Какаладзе, Грузиядағы Қазақстанның құрметті консулы:
- Халықтар достығы бар екенін және қазақтар мен грузиндердің басын біріктіретін халықтар достығы бар екенін көрсететін мейірімді де жылы фильм. Біз қазақ, грузин, кавказ болуымыз мүмкін, бірақ отбасылық құндылықтарымыз, әзілдеріміз, салт-дәстүр, достық, той-томалақ, жан дүниемізбен өте ұқсаспыз. Бұл фильмде де сол көрсетіледі.
Фильмдегі оқиғалар Ұлы Отан соғысы кезінде орын алады. Грузин және қазақстандық екі барлаушы әуе шабуылына ұшырады. Бақытжан өз өміріне қауіп төніп тұрса да әскердегі жолдасын аман алып қалады. Қайтыс болар алдында ол Вано атты досына олардың балалары туыстасатынын айтып, ант береді. Бірақ, уәдесін орындай алмайды, енді Алматыға келген немерелері аталарының антын орындауға мәжбүр. Айта кетейік, фильмнің түсірілімі пандемия кезінде және өте қиын жағдайда өтті. Сол кездегі эпидахуалға байланысты түрлі қиындықтар да туындаған. Дегенмен түсірілім тобы жағдайға бейімделіп, кейде актерлер импровизация да жасаған.
Илья Чихаидзе, Грузия елінің актері:
- Қазақстанның көптеген жұлдыздарымен кездескенімде, олар маған актерлік өнерде көп нәрсе үйретті. Фильмде мен махаббатты іздеген кейіпкерді сомдаймын. Өйткені, картинада атам соғыста ұлды болса, қазақ әйеліне үйленемін деп уәде берген.
Фильмдегі әскери көріністер мен оқиғаның грузиндік бөлімі Тбилисиге жақын жерде түсірілген. Кейін түсірілім тобы Алматыға ауысып, Онда қаланың көрікті жерлері түсірілім локациясына айналды. Айта кетейік, режиссерлер бұл картина алғашқы әрі соңғы емес екеніне сенімді. Жақын арада бір емес, бірнеше бірлескен туынды түсіру жоспарда бар.