Түрікменстанның мемлекеттік музейінде сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өтіп жатыр. Ол ел мәдениетінің дамуына үлкен ықпал еткен көрнекті ақын, ойшыл Мақтымқұлы Фрагидің 300 жылдық мерейтойына арналған. «Қазіргі заманғы өнер туындыларының үйлесімділігі» атты көрме елдің бай мұрасын, тарихын және дәстүрін көрсетеді. Мұнда картиналар, мүсіндер, зергерлік бұйымдар, қолөнер үлгілері мен көркем кескіндемелер көпшілік назарына ұсынылды. Экспозицияның ерекшелігі – барлық жұмыстар музей қызметкерлерінің өнерге деген заманауи көзқарасын білдіретін шығармашылық ізденістері.
Естеріңізге сала кетейік, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы биыл Мақтымқұлы Фрагидің жылы деп жариялап, оның мерейтойы ЮНЕСКО-ның айтулы даталарының тізіміне енгізілген болатын.
Огулширин Джепарова, Түркіменстанның мемлекеттік мәдени орталығының маманы:
– Көрмеге жұмыс әзірлеуді қалайсың ба деп сұрағаңда, мен ойланбастан келістім. Бұл ұсыныс мені қатты қызықтырды. Жеңіндегі өрнектер көп уақытты алды – мұнда костюмнің басқа бөліктеріне қарағанда әлдеқайда көп. Олар түсі мен өлшемімен ғана емес, сонымен қатар, орналасуымен де ерекшеленеді. Мен мұндай көне өрнектерді бірінші рет жасадым.
Гурбанмұхаммет Байрамов, Түркіменстан мемлекеттік мәдени орталығының аға маманы:
– Мен суретті бір жыл бойы салдым. Кішкентай қызды бейнеледім. Бұл сурет арқылы жас ұрпақтын таза, әрі жарқын әлемде өмір сүріп жатқанын көрсеткім келді. Менің жұмысым келушілерді қуанта алатынына өте ризамын.