Comic Con Astana 2024 фестивалі ашылды

Елордада Comiccon Astana 2024 фестивалі жалауын желбіретті. Комикстер, кинематография, видео ойындар, аниме және өзге де заманауи мәдениет ағымдарына арналған халықаралық шара осымен үшінші рет өткізіліп жатыр. Кино-аниме және сериалдардағы сүйікті кейіпкерлерінің образына енген Астана тұрғындары мен қонақтары ерекше атмосфера қалыптастырады. Себебі, олар тек көрермен ғана емес, қатысушылар. Жалпы, Комикон – 5 негізгі алаңда өтеді. Биыл, Жапония, Қытай және Қытай мәдениеттеріне арнап Азия бөлімі алдыңғыларға қарағанда кеңейді. Тағы бір ерекшелігі фестивальде жас шектеуі жоқ. Фестивальдің сыйақы қоры қомақты - үздік қатысушылар 12 миллион теңгені өзара бөліске салады.  4 күнге созылатын шараға қатысу үшін Еуропа елдері мен АҚШ және көршілес мемлекеттерден қонақтар келді. Әсіресе, Қытайдан қатысушылар көп дейді, - ұйымдастырушылар.

Наталья Абрашкина, Comic Con Astana фестивалінің бас продюсері:

- Бүгінде, гик мәдениеті – сені әрдайым қолдайтын және қызығушылықтарың бірдей адамдармен танысу, табысу және достасу. Ал, ол қызығушылықтар көп болуы мүмкін. Біз бірер тақырыптармен шектеліп қалмаймыз. Өзге комикондардан да айырмашылығымыз сол. Ол бұрын тек комикстерге арналған. Бұл фестивальдің шегі жоқ. Біз бір ғана гик мәдениетке қарап қалмаймыз. Барлық адам өз қызығушылықтарына көңіл бөлу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Ал, белгілі бір қызығушылық жасқа да, басқа ештеңеге қарамайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?