Логистика - ЕАЭО елдері экономикасының негізгі қозғаушы күші

Логистика - ЕАЭО елдері экономикасының негізгі қозғаушы күші

Логистика – Еуразиялық экономикалық одақтың  өзара іс-қимылының негізгі қозғаушы күші. Жыл басынан бері біріңғай экономикалық кеңістік ішіндегі жүк тасымалы 2,5 млрд тоннадан асты. Осы орайда тауарлардың кедергісіз тасымалдануы ерекше маңызға ие. Ал сандық шешімдер бұл үрдісті жеделдете түседі. Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Сергей Шкляев осы бағыттағы Қазақстанның үздік бастамаларын мысал етті. Республикада «бір терезе» қағидаты бойынша көлік арқылы жүк тасымалын біріктіретін автоматтандырылған KEDEN ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Ресей де өз тетігін енгізбек. 1 маусымнан бастап одақ елдерінен жеткізілімдерді бақылауға арналған SPOT жүйесі күшіне енеді. Ол тауар жеткізуді алдын ала растау. Яғни, QR-кодсыз және алдын ала төлемсіз жүк тасымалдауға болмайды. Бұл алыс-берісті цифрлық бақылауда ұстау үшін қажет дейді мамандар.

Сергей Шкляев, ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі:


- Бұл бізге не береді? Екі ақпарат көзін сәйкестендіру. Яғни, бұл дегеніміз көлікпен тасымалданатын жүк құжаттары бойынша QR-код арқылы ақпарат алу мүмкіндігі. Бұл жүйе бойынша кедендік бақылаудың қосымша нысандары, ешқандай тексерулер қолданылмайды. Осылайша, бағдарламалық өнімдерді жасау қамтамасыз етіледі. Екіншіден, осы QR-кодты барлық автомобиль өткізу пункттерінде онлайн режимінде оқу, яғни тану мүмкіндігі туады. Міне, осы текті цифрлық шешімдерді зерделеп, тәжірибе алмасу арқылы ең жақсы тұстарын алып, нормативтік тұрғыдан бекіту қажет.


Таяу Шығыстағы тұрақсыз геосаяси ахуал аясында дәстүрлі теңіз жолдарын айналып өтетін құрлықтық және мультимодальдық дәліздердің өзектілігі артты. Осы орайда Қазақстан халықаралық сауда үшін қауіпсіз бағыттардың бірі - Орта дәлізді ұсына алады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ  елдерінің алыс-берісіне оң әсерін тигізіп, жеткізілімдерді әртараптандыруға және сауда көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары Әлішер Базарбаев осылай деді. Оның пікірінше, көптеген елдер Транскаспий халықаралық көлік бағдарының тиімділігіне кәміл сенімді және бірлесіп осы дәлізді одан әрі дамуға мүдделі. Оның бірден бір жолы цифрландыруға басымдық беру.  


Әлішер Базарбаев, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары:


- Құрық, Ақтау порттарының қуаты артып келеді. Дейтұра, бүгінгі көрсеткіштері әлі де жеткіліксіз. Олардың мүмкіндіктерін одан әрі ұлғайтуға болады. Ол үшін бұл айлақтардың әлеуеті мол. Екіншіден, бұл мультимодальдық транзакциялық шығындар, яғни көлік түрлерін ауыстыру, кедендік рәсімдер және тағы басқа мәселелер. Осы орайда бүгінде халықаралық ұйымдармен бірлесіп, аталған бағыттарды қажетті стандарттарға сәйкестендіріп, тасымалдарды оңтайландыру үшін үлкен жұмыстар жүргізілуде. Біз бұл мәселелер шешімін табады деп үміттенеміз, осылайша, Орта дәліз баламалы тасымал бағытына айналады.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?