«Тарифтің орнына инвестиция». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жаңа саясатқа көшу қажеттілігін айтты. Себебі, жылу мен электр энергиясының бағасын жасанды түрде ұстап тұрудың соңы аптақа әкелуі мүмкін. Ал жаңа тарифтік саясат монополиялардың табысын шектеу қажеттілігі мен инфрақұрылымға инвестициялар арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы Азия даму банкінің өкілдері де осы тәсілді қолдауп отыр. Қаржы институтының елдегі жобалары негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға бағытталған.
Нариман Маннапбеков, АДБ-нің Қазақстандағы Кеңсесінің басшысы:
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында елдегі жылу желілерінің 57 проценті ескіргенін, жаңа тарифтік саясат құру керегін атап өтті. Ең алдымен, жылумен қамту саласындағы нормативтік базаны ретке келтіру керек. Онда инфрақұрылымға инвестиция тарту тетіктерін жетілдіруге назар аудару қажет. Әсіресе, жеке инвестицияларды тартуға. Тағы бір маңызды жағдай – айқасқан субсидиялаудан бас тарту керек. Өйткені тарифтерді көтеру мәселені шешпейді. Жылумен қамтушы ұйымдарға табиғи монополиялар субъектісі ретінде қолданылатын тарифтік реттеу тетігі өкінішке орай оларға тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді.
Сарапшылардың айтуынша, осылайша тарифтердің нарықтық қалыптасуы энергия және жылу желілерінің тозуын төмендетуге мүмкіндік береді.
Нариман Маннапбеков, АДБ-нің Қазақстандағы Кеңсесінің басшысы:
– 2020 жылдан бастап Энергетика министрлігі Азия даму банкімен бірге жылумен қамту туралы жаңа заңды және онымен байланысты заңнамалық актілерді әзірлеуге кіріскен. Ол секторды басқарудың жаңа моделін енгізуді қарастырады. Сектордағы жауапкершілік нақты бөлінеді, ал арнайы әзірленген тарифтік әдістеме компанияларға экономикалық шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазандықтар мен жылу электр станцияларының тиімділігін арттырады.