Қазақстанға жарты жылда 7,5 млн турист келді

Қазақстанға жарты жылда 7,5 млн турист келді

Ел ішінде саяхаттап, демалуды қалайтын қазақстандықтардың қатары артып келеді. Биыл жарты жыл ішінде 4 млн жуық адам отандық турларды таңдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 мың адамға көп. Елге осы аралықта 7,5 млн шетелдік саяхатшы келгенін де айта кету керек. Жалпы былтыр ішкі туристер саны 6 млн, ал шетелдік қонақтар ағыны 15 млн асты. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мұндай тың деректер Астанада ішкі туризмді дамытуға арналған дөңгелек үстелде айтылды. Қатысушылар бұл бағыт бүгінде әлемдік экономикада ең қарқынды дамып келе жатқанын және Қазақстан үшін қазір инвесторлар, бизнес және туристерге қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте басым міндеттердің бірі - туристік инфрақұрылымды жаңғырту, кадрлар даярлау, цифрлық сервистерді дамыту және көлікке қолжетімділікті кеңейту.

Нұртас Кәріпбаев, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:

- Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кешенді жоспар қабылданды. Ол Маңғыстау облысы мен Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға бағытталған. Шығыс Қазақстан облысында Зайсан-Қатон Қарағай және Маңғыстау облысында Кендірлі әуежайы салынуда. Бұл әуежайларда ел ішінде жаңа рейстер, сондай-ақ халықаралық бағыттар іске қосылады. Көлік министрлігі аталған екі курорттық аймақтан Қытай Ресей Федерациясы және Халықтық Республикасына жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?