Қазақстан жасанды интеллект саласында Орталық Азияда ғана емес, түркі әлемінде де көшбасшы елге айналып келеді. Бұл ойымен тайваньдық нейрожелілер саласындағы белгілі сарапшы Ли Кай-Фу бөлісті. Ол еліміздің цифрлық технологияларды дамытудағы әлеуетін жоғары бағалады және елімізде қазірдің өзінде табысты әрі тиімді жүзеге асырылып жатқан негізгі бағыттарды атап өтті. Олардың ішінде зияткерлік агенттерге көшу, меншікті есептегіш қуаттың болуы, AlemLLM ашық моделі және басқалары бар.
Ли Кай-Фу, Жасанды интеллект саласындағы сарапшы, кәсіпкер:
- Жүргіліп жатқан жұмыстар Қазақстанды Орталық Азия өңірінде және Түркі әлемінде жасанды интеллект саласының көшбасшына айналдырады және бұл шын мәнінде көршілерге бүкіл өңірдің экономикасын ілгерілететін әлеуетті түркі моделінің болашағын құруға көмектесе алады.

