«Қазақстан
халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккен
тұрғындарға көмек көлемін 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтады. Табиғи апаттың
ауқымы мен салдары есепке алынған соң сомманы екі есе көбейту туралы шешім
қабылданған. Бұл қаражатқа тұрғын үйлер салынады деп жоспарлануда. Айта
кетейік, одан бөлек, 1 сәуірден бастап қазақстандықтар қорға қайырымдылық
ретінде ақша жібере алады. Қазірдің өзінде 1 млрд теңге жиналды. Бұл қаражат та
үй салуға жұмсалады. Барлығы – 430 жаңа баспана бой көтермек.
Марат Мұхамедсалиев, «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі:
– Қордың осындай төтенше жағдай болып қалса деп дайындаған резерві бар. Бұл
дегеніміз, 10 млрд теңге осындай оқыс жағдайға деген барлық соммамыз. Одан
бөлек, осы апатқа, халықтың жағдайына бей-жай қарамайтын жандар да өз көмегін
көрсетуде. Ол қаражат та қосымша жәрдем ретінде жіберіледі. Небәрі 9 күн ішінде
1 млрд теңге жиналса, 30 сәуірге дейін едәуір ұлғаятынына күмән жоқ.