Астанада ұлттық тарихшылар конгресінің форумын 300 ғалым қатысты

Астанада ұлттық тарихшылар конгресінің форумын 300 ғалым қатысты

Астанада өткен «Ұлттық тарихшылар» конгресінің форумында «Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жеті томдық жаңа академиялық басылымның дайындық барысы талқыланды. Бүгінде академиялық басылымды жинақтау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен бес ғылыми-зерттеу институты мен 250-ден астам ғалым жұмылдырылды. Іс-шараға қатысқан мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз сөзінде соңғы жылдары ғылыми айналымға енгізілген археологиялық олжалар мен архивтік құжаттар ұлтымыздың тарихын неғұрлым біртұтас әрі кең ауқымда қабылдау қажеттігін айғақтайды, деп атап өтті.


Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:


- Қазақстан – көшпенділердің ежелгі мемлекеттік құрылымдарының бесігі және бір кездегі қуатты елдер мен империялардың мұрагері ғана емес, сонымен қатар тұтас көшпенділер өркениетінің ошағы мен орталығы. Сондықтан ұлттық тарих ғылымының міндеті – халқымыздың тарихына өркениет парадигмасы тұрғысынан ауқымдырақ және кеңірек қарау, оны осы ұстаным бойынша дәріптеу.


Қатысушылар кітапты әзірлеу жұмыстарына жоғары баға берді. Сондай-ақ, ғалымдар археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу ауқымын кеңейту, мұрағат ісін дамыту, оқулықтарды және тарихты оқыту әдістемесін жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Әсіресе зерттеушілер археология, этнография, тарихи география салаларындағы жаңалықтар мен шетелдік мұрағат пен кітапхана қорларындағы ізденіс нәтижелерін жүйелеудің маңыздылығын атап өтті.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?