Қазақстан
Президентіне Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың
әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жайында есеп берді. Оның
дерегінше, шаһардың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 7 айда 1 трлн
теңгеден асқан. Биыл жалпы құны 300 млрд теңгенің 55 инвестициялық жобасын іске
асыру жоспарланып отыр. Бұған қоса 15 жаңа мектеп ашылады. Сондай-ақ, 170 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырып, 1 млн аса жасыл желек
егу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, үшінші жылу электр орталығының бірінші
кезегін және газ стансаларын пайдалануға беру арқылы шаһардың жылыту қуаты 30% ұлғайған.
Мемлекет басшысы кездесу ссоңында Астана әкіміне бірқатар тапсырма берді.
Жеңіс Қасымбек,
Астана қаласының әкімі:
- Осы жылдың
соңына дейін 5 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Жаңа
инвестиция, жаңа тұрақты жұмыс орындары қалады. Мемлекет басшысына жылыту
маусымына дайындық бойынша баяндадым. Негізгі жөндеу жұмыстары орнымен өтіп
жатыр және келе жатқан айда толығымен аяқталады.

