Қытайлық компания Қазақстанда жаңа мұнай-газ жобаларына қатысуға ниетті

Қытайлық компания Қазақстанда жаңа мұнай-газ жобаларына қатысуға ниетті

Қазақстан мұнай-газ саласында бірқатар жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті. Қытайлық компания оларды іске қосуға ат салысу үшін мүдделік танытуда. Айта кетейік, бұған дейін аталмыш компанияның тікелей қатысуымен Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылған болатын. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Sinopec (синапЭк) компаниясының президенті Юй Баоцаймен кездесуде Мемлекет басшысы өз Жолдауында мұнай-газ химия өндірісін жедел дамыту міндетін қойғанын атап өтті. Елдегі «Полиэтилен» зауытының құрылысы – бұл бағыттағы маңызды жобалардың бірі. Оны жүзеге асыру ел экономикасына мультипликативті әсерін тигізбек. Үкімет басшысы Sinopec (синапЭк) компаниясы мұнай-газ химия саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі екенін ескерсек, компанияның жобаға тең құқылы серіктес ретінде келуі стратегиялық маңызға ие екенін жеткізді. Юй Баоцай өз кезегінде саланың жергілікті мамандарын кәсіби тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді.