Қазақстандық химия өнімдерінің экспорты $2 млрд асты

Қазақстандық химия өнімдерінің экспорты $2 млрд асты

Былтыр қазақстандық химия өнімдерінің экспорты 2 млрд доллардан асты. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 13% көп. Сала өндірісі 8% жуық ұлғайды. Әсіресе, мұнай-газ химиясы қарқын алып келеді. Бұл бағыт 50%-дан жоғары өсім көрсеткен. Биыл да оң үрдіс сақталып отыр. Алғашқы тоқсанның өзінде өндіріс көлемі 12 жарым процентке өсті. Үкіметте саланы дамыту тетіктері пысықталды. Импортты алмастыру мен отандық экспортты еселеуге басымдық беріледі. Үкімет басшысы елімізде натрий цианиді мен аммоний сульфаты өндірісін кеңейту жоспарланып отырғанын айтты. Бұдан бөлек, бутадиен, карбамид пен полиэтилентерефталат өндіру де жолға қойылады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Елімізде химия және мұнай-газ химиясы секторында 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өндірістер минералды тыңайтқыштар, бейорганикалық және органикалық химиялық заттармен қатарауқымды өнім спектрін шығарады. Атырау облысында жұмыс істеп тұрған полипропилен зауыты – Орталық Азия өңіріндегі осы бағыттағы ең ірі кәсіпорын болып табылады.  Былтыр жобаның II кезеңінің құрылысы басталды. Бұл отандық өңдеу өнеркәсібінің ең ауқымды жобасы. Ол импорттық өнімдерді толық алмастырып, қосылған құны жоғары экспорттың өсуін қамтамасыз етуі керек.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?