Қазақстан
жаһандық аграрлық нарықта өз орнын нығайтуда. Алғашқы жарты жылда елімізде 100
мың тоннаға жуық күріш өндірілді. Энерджипром порталының мәліметінше, 47% экспорттың
үлесінде. Қаңтар-мамыр айларында шетелге 46 мың тоннаға жуық күріш жөнелтілді,
бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 21% жоғары. Бұдан басқа, 2024 жылғы
қыркүйектен 2025 жылғы шілдеге дейінгі мерзім дәнді дақылдар үшін де рекордтық жыл
болды. Шетелдік нарыққа жеткізілімдер бірден 34% -ға өсті. «Қазақстан темір жолының»
деректері бойынша шамамен 12,5 млн тонна астық пен ұн жөнелтілді. Өзбекстан,
Тәжікстан, Қырғызстан, Иран және Әзербайжанға жеткізелетін астық көлемі
айтарлықтай өсті. Экспорт нарығының шеңбері де кеңейді. Қазақстан алғаш рет
Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбританияға астық жөнелте бастады.
Сонымен қатар, Италияға қатты бидай сортының экспорты едәуір артты. Бұдан
басқа, БАӘ, Вьетнам және Солтүстік Африка елдері отандық бидайға қызығушылық
танытуда.

