Германия кәсіпкерлері экономиканы әртараптандыруға және декарбонизациялауға бағытталған қазақстандық жобаларға инвестиция құюға дайын. Бұл туралы неміс энергетикалық компаниясының аға вице-президенті Ариэль Порат мәлімдеді. Осы елдің алпауыт технологиялық компаниялары Қазақстанның шикізат тәуелділігін азайту, макроэкономикалық тұрақтылық пен инновацияларды дамыту бағытына қолдау білдіретінін айта кеткен жөн.
Ариэль Порат, «SIEMENS ENERGY» компаниясының аға вице-президенті:
– Біз көмір қолдану қалдықтарының бір бөлігін азайтып, газға ауысу және баламалы қуат көздерін дамытуға бағытталған Президент Тоқаевтың бастамасын қолдаймыз. Осы саладағы жобаларды іске асыруға қатысқымыз келеді. Сондай-ақ, Алматы секілді үлкен қала үшін аралас циклдардың қажеттілігі туралы айтып отырмыз. Қазақстан сутекті жасыл экономиканы дамыту әлеуеті бар 10 елдің қатарына кіреді. Осы салада ынтымақтастықты бастағымыз келеді. Және мұнай-газ инфрақұрылымы. Біз «энергия үштігін», яғни электр энергиясының сенімділігін, қолжетімділігін және тұрақтылығын талқылап, естен шығармағанымыз жөн.