Қазақстан жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тартуда

Қазақстанда геологиялық барлауға инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері жер қойнауын пайдаланғаны үшін баламалы салық режимін, жер салығы мен мүлік салығын төлеуден босату және басқа да преференциялар беруді қарастыруда. Сонымен қатар, геологиялық барлау жұмыстарының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін еліміздің Энергетика министрлігі жаңа тетік – теңіз жобаларына, күрделі құрлық және газ жобаларына қолданылатын жетілдірілген үлгілік келісімшартын енгізуде. Сондай-ақ, еліміздің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Соңғы екі жылда геологиялық барлауға 173 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылған. Ал 2018 жылдан бері шамамен 7 трлн қаражат тартылған. Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын 39 млн тоннаға жуық темір рудасы, бір жарым миллион тоннаға жақын алюминий тотығы, сондай-ақ, 3 миллион тонна шамасында мыс пен 193 мың тонна қорғасын концентраты өндіріледі.

 

Автор: Әсел Күшенғалиева