Қазақстанда транзиттік тасымалдар көлемі артып келеді

Қазақстанда транзиттік тасымалдар көлемі артып келеді

Қазақстан арқылы автомобильдік транзиттік тасымалдардың көлемі шамамен 40% артты. Елдің көлік министрлігінің дерегінше, былтыр ел аумағынан 5 млн тонна жүк өткен. Сарапшылардың есебінше, Қытайдан келетін транзит бірден 67% өскен. Яғни, аспан асты елінен жеткізілетін жүк ағыны бүгінгі таңда 1,5 млн тоннадан 2,5 млн тоннаға дейін жеткен. Осы тың қарқынды сақтап, одан әрі жетілдіру қамында отандық салалық ведомства ең алдымен Түркия, Ресей, Латвия және Литвамен шетелдік рұқсат бланкілерін электрондық форматқа алмастыру мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ, тасымал бағыттарын кеңейту жағы да жоспарда бар. Осыған орай Португалия және Даниямен жаңа үкіметаралық келісімдер жасалмақ. Айта кету керек, қазіргі таңда 40-тан астам мемлекетпен осындай келісімдер бекітілген. Ал шетелдік рұқсат құжаттарын алу үшін өтінім беру үрдісі толықтай автоматтандырылды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?