Қысқы Азия ойындарында Қазақстанның атынан 138 спортшы қатысады

Қысқы Азия ойындарында Қазақстанның атынан 138 спортшы қатысады

Қазақстан спортшылары қысқы Азия ойындарына алтыншы мәрте қатыспақ. Естеріңізге сала кетейік, ол 7-14 ақпан аралығында Қытайда өтеді. Еліміздің намысын 138 спортшы қорғайды. Қазақстан құрамасы 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетеді. Атап айтқанда бұл - керлинг, шаңғы жарысы, фристайл акробатика, мәнерлеп сырғанау, хоккей, коньки және тау шаңғы спорты, шорт-трек, биатлон мен биыл алғаш рет ойын бағдарламасына енгізілген ски-альпинизм бар. Отандық спортышлар 51 медаль жиынтығын сарапқа салады. Осыған дейін Қазақстандық спортшылар қысқы Азия ойындарына алғаш рет Харбинде 1996 жылы өнер көрсеткен. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін жерлестеріміз қысқы Азиадада 196 медальмен қанжығаларын майлады. Оның ішінде 78 алтын, 62 күміс және 56 қола жеңіп алды. Айта кетейік, биыл ойындарға Азияның 32 елінен мыңнан астам спортшы қатысып, 64 медаль жиынтығы үшін сынға түседі.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?