Jibek Joly арнасы ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандықтар ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын асыға күтуде. Төрткүл дүние түгел көз тігетін байрақты бәсекені трансляциялау құқығына биыл отандық 5 телеарна ие. Көрермен қауым ашылу салтанатын үйінде ғана емес, ірі сауда орталығында, сондай-ақ елордадағы Орталық саябақтағы үлкен экраннан тамашалай алады. Соңғысын Jibek Joly телеарнасы ұйымдастырды. Орталық саябаққа жиылған елорда тұрғындары мен қонақтары биылғы жаздың басты шарасы басталғанға дейін отандық эстрада жұлдыздарының концертін тамашалап, ойын-сауық бағдарламасына белсенді қатысуда. Жанкүйерлерді бір тілек біріктіреді: ел намысын арқалаған спортшыларға сәттілік серік болып, жеңіспен оралғай.


- Ұлттық құрамаға жанкүйер боламыз. Көп алтын әкелетініне сенімдіміз.

- Мен өзім жеке басым боксермін. Париж олимпиадасына баратын боксшылардың әрқайсысымен жолығып, олардың мастер-класстарына қатыстым. Дайындықтарын көрдім. Біздің құрама алтын әкелетініне сенімдімін.

- Парижде олимпиада өтетінін білеміз. Өзіміз Қазақстан елінің азаматы болғандықтан, әрине, біздің елдің құрамасына жанкүйер боламыз. Алға Қазақстан!

- Асыға, тағатсыздана күтіп отырмыз. Сенеміз, біздің елдің спортшыларына. Споршыларымыз әлемдік дүл-дүл жарыстарда орын алып жүр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?