Қырғызстанда Орталық Азияның III Парламентаралық форумы өтті

Қырғызстанда Орталық Азияның III Парламентаралық форумы өтті

Орталық Азия елдерінің жасанды интеллект пен цифрландыруға қатысты заңдары бір-бірінен алшақтамауы тиіс. Бұл құжаттарда ұқсас қағидаттар мен тәсілдерді қолдану аса маңызды. Бішкекте Орталық Азия мемлекеттерінің III Парламентаралық форумында сөз алған Қазақстан Сенатының Төрағасы осындай пікрі білдірді. Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үшін заңнамалық негізді нығайтудың мәні зор екенін тілге тиек етті. Айтуынша, бұл алқалы жиын парламентаралық байланыстарды нығайтудың символы және тарихқа, бауырластыққа, жарқын болашаққа деген ортақ ұмтылысқа деген құрметтің белгісі. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы: 

- Егер бірінші Форум парламенттік интеграцияның негізін қаласа, екіншісі оның күн тәртібін кеңейтті. Ал, үшінші Форум біздің бұдан да нақты әрі мазмұнды жұмысқа көшетінімізді көрсетеді. Мемлекеттеріміздің басшылары Орталық Азия өңірінде кооперация мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін белгілеп берді. Бұл ретте Парламенттердің, яғни біздің басты міндетіміз – Президенттеріміздің барлық уағдаластықтарын тиімді іске асыруға үлес қосу және прагматика мен сенімге негізделген бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыру.   

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев бастаған қазақстандық делегация Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумына қатысты. Онда бауырлас халықтардың тарихи байланыстарына негізделген мәдени мұраны, әдеби шығармаларды сандық кеңістікте сақтау мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Сонымен қатар, Қазақстан Сенатының спикері Қырғыз Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекуулумен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгіленді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?