Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады

Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналуы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты халыққа Жолдауында осындай стратегиялық міндет қойды. Мемлекет басшысы жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет екенін атап өтті. Бұл ретте жасанды интелект пен диджитал технологияларды енгізу жаппай жүзеге асырылып - бұл елдің стратегиялық бағытының негізгі құрамдас бөлігі болуы тиіс. Мемлекет басшысы осының қамында ең алдымен Цифрлық кодексті қабылдауды тапсырды. Қазақстанда осы жаңа технологиялық тәсілді тиімді енгізу үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі пайда болады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Елімізде суперкомпьютердің іске қосылуы – зор жетістік. Бірақ мұны Үкімет те, бүкіл қоғам да Қазақстанды, шын мәнінде, цифрлық мемлекетке айналдыратын жан-жақты және қарқынды жұмыстың бастауы ретінде қабылдауға тиіс. Осы міндетті тиімді орындау үшін Үкіметке цифрландыру ісі мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған «Digital Qazaqstan» атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлейді. Онда бастамалар мен жобалардың бәрі жалпыұлттық стратегия аясында біріктірілетін болады. Түптеп келгенде, еліміздің түбегейлі цифрлық жаңғыруын халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бастайтын жол дей аламыз.

Бүгінде цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын өзгертуде. Әлемде жасанды зейінмен жұмыс істей алатын мамандарға сұраныс артып келеді.  Қазақстанда ЭйАй-Sana бағдарламасы іске қосылды. Оның мақсаты - 100 мыңға жуық студентті жоғары технологиялық жобаларға тарту. Озық сандық дағдыларды қалыптастыру қазір мектеп қабырғасынан басталуы тиіс, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?