Құрылтай сайлауы саяси партиялардың дамуына ықпал етеді

Құрылтай сайлауы саяси партиялардың дамуына ықпал етеді

Бір палаталы Құрылтай құру елдегі саяси белсенділікті арттырады. Сенатор Евгений Вольгерттің айтуынша, Қазақстанның бар өңірлерінде партиялардың сайлаушылар дауысы үшін бәсекелестігі саяси жүйенің жаңаруына, тың бастамалардың пайда болуына және қоғам алдындағы жауапкершіліктің күшеюіне серпін бермек. Бұл жағдайда сайлаушының рөлі де артады, оның таңдауы Жоғары өкілді органның құрамын қалыптастырады және елдің одан әрі даму бағытын айқындайды.

Евгений Больгерт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бұл саяси тұрғыдан аса белсенді маусым болуы тиіс. Партияның бағдарламаларына мұқият назар аудару қажет. Халықтың депутаттарға немесе депутаттыққа үміткерлерге сұрақ қою мүмкіндігі туады. Бұл саяси науқанның аса маңызды тұсы. Яғни, әдеттегәдей азаматтық қоғам мен әлеуетті парламентарийлер арасындағы диалогты барынша тиімді, ашық және серпінді ету үшін көптеген алаңдар құрылатын болады.

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов та бір палаталы Құрылтай құрылғаннан кейін ел заңнамасында партиялардың айқындаушы рөлінің күшеюін болжап отыр. Оның пікірінше, халықтың саяси бірлестіктердің қызметіне деген назар айтарлықтай артады. Бұл өз кезегінде саяси партиялардың жауапкершілігін арттырып, қоғаммен кері байланысты нығайтуға ықпал етуі тиіс.

Асхат Рахымжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заң шығарушы орган – Құрылтай толықтай партиялық тізімдер арқылы қалыптасатын болады. Яғни, заң шығару билігі негізінен саяси партиялардың ұстанымына сүйенеді. Қандай шешімдер қабылданатыны да партиялардың көздеген мақсаттарына, оларды кім басқаратынына және қандай бағытты ұстанатынына тікелей байланысты болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?