Қ. Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясына қатысты

Қ. Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев 23-ші Боао Азия форумының пленарлық сессиясының ашылу рәсіміне қатысты. Биыл ол «Азия және әлем: ортақ сын-қатерлер, ортақ жауапкершілік» деген тақырыпта өтіп жатыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде жаһандық тұрақсыздық жағдайында платформа диалог пен халықаралық ынтымақтастық орталығы ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жетекші елдер арасындағы сауда қатынастарының шиеленісуі – әлі де әлемдік экономиканың алдында тұрған негізгі сын-қатерлердің бірі болып қала береді. Қазір жаһандық экономикаға дамудың жаңа жолдары қажет. Бұл бағытта Азия өңірі тұрақты дамып келеді, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Биыл ол әлемдік ЖІӨ-нің 60% өсімін қамтамасыз етеді деп күтілуде. Бүгінде біздің еліміз аспан асты елінің Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. Қытайдың аймақтағы сауда-саттығы мен салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі.Былтыр екі ел арасындағы тауарайналым 41 миллиард долларды құрады. Қытайдан Еуропаға құрлық жолымен тасымалданатын жүктің 80% Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Азия елдері арасындағы көлік-транзит ынтымақтастығын нығайтудың стратегиялық мәніне де назар аударды. Соның ішінде Транкаспий халықаралық бағыты да бар. Сондай-ақ Қазақстан «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін дамытуда көрші елдермен ынтымақтастық орнатуға дайын, деп атап өтті Мемлекет басшысы.