Қазақстанда
жолаушылар пойыздары жаңа вагондармен толықты. Халықаралық маршрутта «45-ші»
сериялы инновациялық модельдер жүре бастады. Олар Петропавлдағы отандық зауытта
жасалған. Пойыз құрамында бірқалыпты жүруге арналған күшейтілген пневматикамен жабдықталған
8 вагон бар, олардың шанағы коррозиядан қорғалған. Купе мен плацкарттарда 300-ден
астам жолаушы орналаса алады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнайы
орындар қарастырылған. Вагондар қауіпсіздік пен жайлылық стандарттарына сай. Климатты
бақылау, ауаны залалсыздандыру, шуды оқшаулау, температураны реттеу қамтамасыз
етілген. Айта кетейік, еліміз жолаушылар пойыздарын жаңартып жатыр. Биыл 200-ге
жуық вагон сатып алу, ал 2030 жылға қарай 800-ге жуық вагонды жаңарту жоспарланған.
Бұл парктің 90%-ін алмастыруға мүмкіндік береді.
Дияр
Нүсіпқожанов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы:
- Мемлекет
басшысының тапсырмасымен теміржолдар мен вокзалдарды жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық
тасымалдаушының жылжымалы құрамдарын жаңарту ауқымды жүргізіліп келеді. Соңғы 4
жылда ұлттық тасымалдаушы отандық өндірушіден 436 вагон сатып алды. Олар бүгінде
«Павлодар - Түркістан», «Павлодар - Алматы», «Қызылорда - Семей», «Маңғыстау -
Атырау» арасыда ішкі бағыттармен жүреді. «Алматы - Саратов», «Алматы -
Новосибирск» мемлекетаралық бағыттары да жаңартылған.
Артём Павлингер,
«Railways Systems KZ» ЖШС коммерциялық директоры:
- Негізгі сұраныс Қазақстаннан.
Қазір біз жаңғыртылған вагон жеткізуді пысықтап жатырмыз, оның қызмет мерзімі 350
мың шақырым жүріске шақталған. Бұл әдеттегі жартылай вагонға қарағанда екі есе көп.
Әрі қарай біз инновациялық жартылай вагондарды жетілдіреміз, оның сапасы барлық
көршілес елдердегі балама түрлерінен асып түседі деген ойдамыз.

