Жасанды интеллект судьяларды алмастырмайды, бірақ сот
төрелігін дамытуда маңызды құралға айналуы ықтимал. Бұл туралы біздің арнаға
берген сұхбатында Ресей Федерациясынан Еуразиялық Экономикалық Одақ Сотының
судьясы Наталья Павлова мәлімдеді. Цифрлық технологиялардың даму қарқыны сот
жүйесінің жылдам бейімделуін талап етеді. Мәселе шешім шығаруды машиналық
тәсілге көшіру туралы емес, дегенмен, күнделікті жұмысты жеңілдету - құқықтық
ақпараттың үлкен көлемін талдау, сот практикасын жүйелеу және азаматтар мен
бизнестің сот төрелігіне қолжетімділігіне жол ашылады. Еуразиялық Экономикалық
Одақ көшбасшылары Астанада жасанды интеллектіні жауапты дамыту туралы бірлескен
мәлімдемеге қол қойғанын ескерсек, бұл бағыттағы жұмыс дами түспек. Наталья
Павлова сот процедураларын заманауи технологияларға бейімдеудің маңызына
тоқталды. Бейнеконференция байланысын енгізу, шешімдерді электронды орындау
және процессуалдық нормаларды жетілдіру күтіледі. Оның айтуынша, АІ тақырыбы
бүгінде барлық ұлттық және халықаралық соттар үшін өзекті мәселе.
Наталья Павлова, Ресей Федерациясынан Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы:
- Жасанды интеллект бүгінде
қоғамдық қатынастардың барлық салаларына әсерін тигізді. Ең бастысы, сот
дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектілердің, азаматтардың құқығын қорғауға
бағытталғанын ескеруіміз қажет. Ал жасанды интеллекттің дамуы мен қалыптасуына
тікелей адамдардың негіз болғанын ойға алсақ, адамдар арасындағы құқықты реттеуде бұл
тәсілдің қаншалықты тиімді болатыны ашық мәселе. Бұл жүйені қаншалықты
бұрмалаусыз қалыптастыра алғанымызға қарай адамдардың құқықтық қауіпсіздігі мен
экономиканы басшылыққа алған біздің одақтағы бизнестің жағдайы анықталады.

