Қазақстанда ІІМ Басқару академиясы ашылды

Қазақстанда ІІМ Басқару академиясы ашылды

Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы құрылды. Жаңа оқу орны Президент жариялаған «Заң және тәртіп» апталығы аясында жұмысын бастады. Оның ашылуына Премьер-министр қатысты. Академия цифрлық зертхана мен сандық шешімдер аудиториясы, жол қауіпсіздігін жасанды интеллект көмегімен талдау, патрульдік автомобильдерді қашықтан бақылау платформасы, роботтандырылған техника, «ақылды көзілдірік» сынды озық технологиялармен жабдықталған. Оқу бағдарламасы басқару құзіреттілігін дамыту, заманауи тәсілдерді меңгеруге бағытталған. Жыл сайын басшылық құрамды даярлау үшін 100-ден астам, сондай-ақ магистратура және докторантура бойынша 30 адам білім алады. Академия ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінен тыңдаушылардың алғашқы легін дайындауды бастады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

 - Академияға тәжірибесі бар, тиісті нәтижелерге қол жеткізген, жоспарлары айқын құқық қорғау қызметкерлері келеді. Академияның заманауи жаңа талаптарға бейімделген басқарушыларды, оның ішінде халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлаудың лайықты алаңына айналатынына сенімдімін. Дәл осы жерде болашақ реформалардың негізі қаланып, командалық жұмыс және бүкіл құқық қорғау жүйесінің интеллектуалдық тұғыры қалыптасатын болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?