Ұлы дала - құсбегілер мекені. Жетісу өңірінде саятшылық өнерді жеті атадан бері жалғастырып келе жатқан отбасы тұрады. Бүркітбай Файзулланың қолына қыран қондырғанына 60 жыл болыпты. Ұлттық өнерді дәріптеп жүрген жарты ғасырдан астам уақытта 10 шақты бүркіт баптаған. Көптеген құсбегілік бәсекесінде бабын сынап, топ жарған.
Бүркітбай Файзулла, Бүркітші:
- Құсбегілік өнері біздің тарихымызда 3000 жылдан бері жалғасып келе жатқан өнер делінеді. Мен өз басым 7 атамнан бері бүркітшімін. Атамның 5 ұлы болған. Соның 3-уі бүркітпен айналысқан. Солардың ұрпақтарының бәрі енді осы құсбегілікпен айналысады. Енді соның ішінде мен әкемнен бері қарай өзімнің балаларым, ұрпақтарым жалғастырып келеді.
Ата дәстүр сақшысы бар білгенін ұрпағына үйретуде. Ұлы Жасұлан да қазақтың қанына сіңген қастерлі өнерді серік етіп, саятшылық құрады. Сондай ақ, ол Жетісу өңірінің құсбегіліктен аға жатықтырушысы. Қазір жастарды ұлтымыздың бекзат өнеріне баулып жүр.
Жасұлан Бүркітбай, Бүркітші:
- Бүркітті адамдардан сатып алғаннан гөрі, өзің ұстап алған жақсы ғой. Өзің тәрбилегенге
ештеңе жетпейді. Мынау менде тәриеленіп жатқан 4-ші құс қой. Ішіндегі ең
жақсысы осы. Мынау түз бүркіт. Түз бүркітті ұстап тәрбиелегенде ұйықтатпайсың.
15 күндей тастамай алып жүресің. 15 күннен кейін ғана өзіңе қарай қайырылады.

