ҚР СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан елшіліктері Израиль мен Иранда тұратын өз азаматтарымен тұрақты байланыста. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің хабалауынша, қос елдегі дипломатиялық өкілдіктер тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Бүгінде Израильде консулдық есепте 123 қазақстандық тұр. Ал Иранда – 104 адам. Қазақстандық компаниялардың бірінің тағы 174 қызметкері осы мемлекетте вахталық әдіспен жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт ушығуына байланысты қатты алаңдаушылық білдірді. Қазақстан тараптарды қақтығыс пен орын алған келіспеушіліктерді саяси-дипломатиялық жолмен тоқтатуға және шешуге шақырды.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады. Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді.