Қазақстан Президентінің архиві құжаттарды сандық үлгіге көшіруде

Қазақстан Президентінің архиві құжаттарды сандық үлгіге көшіруде

Қазақстан Президентінің архивінде бірегей тарихи материалдар 500 жылға дейін сақталуы мүмкін. Құнды құжаттардың сақтығын қамтамасыз ету үшін арнайы сақтандыру қоры құрылады. Құжаттар сапасын жоғалтпас үшін  микрографияның көмегімен бірегей көшірмелері жасалады. Мәселен, тарихы ондаған жылдарды қамтитын мына бір түпнұсқа өңін кетірмес үшін өңдеуге алынған. Сирек материал тұрақты сақтауға жіберілмес бұрын оны осы ортаға бейімдеп алу керек.  Мұндағы мамандар қолжазба немесе арнайы құрылғымен басылған құжаттарды тазартып, құрылымын нығайтады. Яғни, оны қалпына келтірудің толық циклін жүргізеді. Өңделген соң материалдар қоймаларға жіберіледі. Мұндағы сақтау талаптары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Қоймадағы температура, ылғалдылық және құжаттардың орналасуы үнемі бақылауда болады.


Әлия Мұстафина, ҚР Президенті архивінің директоры:


- Бұл мемлекет үшін аса маңызды құжаттар. Сондықтан бұндай бірегей материалдарды микротасымалдағыштарға көшіру арқылы арнайы  сақтандыру қоры құрылады. Осылайша, ықшамдалған нұсқада ақпараттың үлкен көлемін  500 жылға дейін сақтауға кепілдік берілетін мүмкіндік туады.

Айта кетейік, Президент мұрағатында Қазақстанның бай тарихы мен елдің сыртқы саясатынан сыр шертетін бірегей материалдар сақталады. Мұндағы құнды құжаттардың 90% электрондық форматқа көшірілді. Бұл тікелей сақтау мәселесін шешеді. Яғни, түпнұсқаларды цифрлаудың арқасында деректерге қолжетімділік жеңілдей түсті. Ал сирек үлгілері тозудан қорғалған. Азаматтар мен ғалымдардың сұрауларына да онлайн-форматта жауап беріледі. Президент мұрағатына оқушылар да жүгінеді. Осылайша, Archive Space жобасы аясында шәкірттер тарихи мәліметтерді нақты дереккөздерден алуға дағдыланады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?