Елордада ұлттық спорт күні атап өтілді

Астанада көкпардан тартысты әрі әсерлі турнир өтті. Жолдастық кездесуді Астана мен Құрама Штаттары командары өзара мықтыны анықтады. Ойын ат құлағында ойнайтын барлық әуесқойлары үшін тосын сый болды. Айта кетейік, америкалық команда көптеген жылдар бойы осындай жарыстарға қатысып, отандық спортшылармен жекпе-жектерде шеберліктерін шыңдап келеді.

Лэдд Хауэлл, Көкпардан АҚШ ұлттық құрамасының капитаны:

-Біріншіден, барлық Қазақ еліне алғысымды білдіргім келіп тұр. Бізді асқан қонақжайлықпен қарсы алып жатыр. Қазақстанға келгенімізге де өте қуаныштымыз. Бүгін өте керемет күн болды. Қазақ халқы аттың құлағында ойнайтынын білеміз. Бірге көкпар ойнап, жаттығу – біз үшін үлкен мәртебе.

Елордалық ипподромда көкпардан бөлек аударыспақ, теңге ілу, садақ ату және қыз қуу бойынша ат спорты қойылымдары өтті. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда Ұлттық спорт күні аталып өтуде. Қала тұрғындары мен қонақтары көшпенділердің дәстүрлі ойындарын тамашалап қана қоймай, садақ ату және тоғызқұмалақ бойынша шеберлік сабақтарынан да өтті. Сонымен қатар келушілердің назарына қазақы тазы иттері мен көне құсбегілік өнері таныстырылды. 

Исламбек Салжанов, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті:

-Бүгінгі 20-сыншы Наурыз – Ұлттық спорт күні болып аталады. Ол барлық Ұлттық спорт қауымдастығына, спортшылар мен жанкүйерлерге, баршамызға жаңалық. Ол, әрине, ары қарай, ұлттық спорттың дамуына, насихатталуына серпін береді деген сенімдеміз. Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Ұлттық спорт қарқынды дамып келе жатыр. Биыл қыркүйекта Астанамызда үлкен халықаралық іс-шара өтейін деп жоспарланып жатыр. 5-інші дүниежізлік көшпенділер ойыны, оған 100+-ден астам мемлекеттен 5 мыңнан астам спортшы 15-20 мыңнна астам шетелдік турист келеді деп жоспарлануда.  

Айта кетейік, еліміздің Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына ең танымал ойындар бойынша 10 федерация кіреді. Өткен жылы отандық спортшылар 12 халықаралық жарысқа қатысып, қанжығаларын 95 медальмен майлады.