Халықаралық опера академиясы ерекше туынды ұсынады

«Астана Опера» сахнасында кезекті премьера. Өнер ошағының халықаралық опера академиясының тәлімгерлері көрерменге ерекше туынды дайындады. Елордалықтар мен  қала қонақтарының назарына Гаэтано Доницеттидің «Қоңырау» атты операсы ұсынылады. Комедия жанрындағы операның қоюшы режиссері Николай Куликовтың ойын жүзеге асыру үшін костюм тігу ісінің шеберлері талмай еңбек етуде. Киім арқылы көне көше театрларының тыныс-тіршілігі бейнеледі. Бұл қойылымда да ескі дәстүрге сай театрлық киімдер қарама-қарсы түстер мен реңктерде жасалып, әртістердің беттері аппақ гриммен боялды. Костюмдерді жасау кезінде жаккард пен зерлі маталары көбірек қолданылады.

Николай Куликов, қоюшы-режиссер:

-Операдан бөлек, біздің қойылымда актерлік өнердің үлесі басым. Бірақ, ол көпшіліктің түсінігіндегі актерлік шеберлік емес. Әртістеріміз операны шырқайтынын ұмытпаған жөн. Театр жанрлардың қосындысы екенін ескерер болсақ, біз де осы қойылымда осынай бір жанрлардың қосындысын ұсынбақпыз. Одан бөлек, цирк, оның ішінде сайқымазақтардың өнері, аздаған акробатикамен ұштастырып қойылымды әралуан қылдық.

Айсұлу Тәни, Халықаралық опера академиясының атқарушы директоры:

-Бірінші опера – Чайковскийдің – «Кеш жазылған Иоланта» деген операсын қойдық, үлкен залда, осы Астана Опера театрында. Ендігі операмыз Доницеттидің «Колокольчик» деген операсы. Бұл опера камералық залда өтеді. Академиямыздың солистеріне ол кішкене жаңа бағыт. Камералық опера мен үлкен залдағы операның айырмашылығы бар.