Қазақстандық зейнеткер Парижге велосипедпен жетті

Қазақстандық зейнеткер Парижге велосипедпен жетті

5 мың шақырым. 33 Олимпиада ойындарында отандастарымызға қолдау көрсету үшін қазақстандық зейнеткер қос доңғалақты көлігімен осынша аралықты артқа тастап, Парижге жетті. Велошабандозды Франциядағы «Салтанатты арка» маңында Қазақстан Елшілігінің ұжымы мен Туризм және спорт министрі, сондай-ақ француз қоғам қайраткерлері салтанатты түрде қарсы алды. Маңғыстау облысының тұрғыны Рәббім Борашев алдымен Ақтаудан Бакуге, содан кейін Грузия арқылы маусымда Түркияға жеткен. Әрі қарай Мажарстан, Австрия және Германияны басып өтіп, бесінші республикаға келген. Осылайша, Рәббім Борашев жас күніндегі Олимпиада ойындарын өз көзімен көру арманын орындады.