Қазақстан Израильді Газа секторында бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеліп соғатын күш қолданудан бас тартуға шақырады. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптайды.
Еліміз БҰҰ Бас хатшысының кепілге алынған адамдарды
алдын ала шартсыз дереу босату және гуманитарлық көмекке кедергісіз
қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеуін қолдайды. Сондай-ақ
сыртқы саясат ведомствасының мәлімдемесінде халықаралық құқық нормаларын сақтай
отырып, Палестина халқының заңды құқықтарын көздейтін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің
тиісті қарарларын орындау өте маңызды екені айтылған.
«Қазақстан Газа секторының тұрғындарын эвакуациялау үшін белгіленген мерзімдерді алып тастау және қақтығыстың кепілдеріне айналмауы тиіс бейбіт тұрғындардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен халықаралық қоғамдастықпен ниеттестік білдіреді. Осыған байланысты Қазақстан тараптарды әскери әрекеттерді тез арада тоқтатуын қамтамасыз етуге және «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде аймақтың барлық тұрғындары үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу жөніндегі күш-жігерді жандандыруға шақырады.»