10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті
ресми сапармен келеді. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан жоғары
деңгейдегі келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ, тараптар сауда-экономикалық,
көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын
одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

