Қазақстандағы Конституциялық реформа - шетелдік БАҚ назарында

Қазақстандағы Конституциялық реформа - шетелдік БАҚ назарында

Қазақстанның Конституциялық реформасы әлемдік БАҚ назарында. АҚШ, Еуропа, Қытай және ТМД елдерінің іргелі басылымдары алдағы референдумға қатысты бірқатар материал жариялады. Шетелдік мас-медия саяси жаңғыруды ел үшін маңызды меже деп қабылдайды. Олардың пайымынша, бұл  республиканың биліктің неғұрлым теңгерімді үлгісін құруға деген ниеті. Ауқымды реформалар елдің жарқын болашағын айқындайды деп бағалайды.


Осылайша, Euronews өз аудиториясына Қазақстанда 15 наурызда референдум өтетінін және Қазақстан Президентінің тиісті жарлыққа қол қоғаны туралы жариялады. Материалда жаңа Конституция жобасының негізгі басымдықтары егжей-тегжейлі талқыланды. Онда өкілеттіктерді қайта бөлу, биліктің тәртібін өзгерту, вице-президент лауазымын жандандыру, неке және халықаралық құқық туралы нормаларды қайта қарау жөнінде айтылған.


Ал, Түркияның Anadolu Agency басылымы Қазақстанның «суперпрезиденттік» жүйеден бас тартып, «күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» қағидатына көшу жоспарына тоқталып, алдағы референдумды саяси дамуындағы маңызды кезеңі деп сипаттайды. Агенттіктің атап өтуінше, бұл өзгерістер 2022 жылы бастуа алған. Яғни, неғұрлым теңгерімді билік жүйесіне көшуге бағытталған реформалардың лайықты жалғасын тапқанын білдіреді.


Өз кезегінде The Times of Central Asia Қазақстанның саяси трансформациясының маңызды кезеңіне айналған өзгерістер ауқымы атап өтілген. Мақала авторының пікірінше, парламентті реформалап бір палаталы заң шығарушы орган құру бастамасы Конституцияның жаңа жобасын дайындауға ұласты. Бұл идеяны іске асыруды ел халқы белсенді түрде қолдап отырғаны жазылған. Бұны азаматтар мен түрлі ұйымдардан Конституциялық реформаға қатысты мыңдаған ұсыныс түскені айғақтайды.   

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?