Қазақстан Президентінің телерадиокешені мен Сауд Арабиясының Saudi Press Agency ақпарат агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның аясында жаңалықтар контентімен алмасу ұлғайтылады.
«Бұл екі елдің аудиториясына ұлттық ауқымдағы өзекті оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тараптар контент алмасу және тарту, журналистерді өзара қолдау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті», - деп хабарлайды ТРК баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Сауд Арабиясы: ынтымақтастық перспективалары
Сонымен қатар мемлекет басшысының Сауд Арабиясына сапары барысында стратегиялық маңызды ондаған құжатқа қол қойылды. Бұл қос тарап үшін ғана емес, бүкіл Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері үшін өзіндік жаңа бастама болып табылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Біз жүргізген талдауға сәйкес Қазақстан машина жасау, шойын және болат өндірісі, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы сияқты салалар бойынша құны шамамен жылына 400 миллион доллар болатын шикізат тауарларының 100-ден астам түрін ұсына алады.
Бүгінгі таңда корольдіктің 50 ірі компаниясы Қазақстанмен жемісті ынтымақтастық орнатуға ниет білдіріп отыр. Себебі бездің еліміз вольфрам, уран, хром қоры бойынша дүние жүзінде бірінші орында. Сауд Арабия инвесторлары үшін бағалы және түсті металдардың кен орындары қызығушылық тудырып отыр. Дегенмен, инвестицияның басым бөлігі агроөнеркәсіп кешеніне жоспарланған. Парсы шығанағы монархиясының бизнесмендері Қазақстанда астық өңдеудің толық циклін құруға ниетті.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі:
– Қазтрейд саласында келісімге қол қойылды, ол біздің де, сауд арабиялық бизнесмендерге бірлескен жобаларда келісім нүктелерін табуға мүмкіндік береді. 9 келісімнің бірі АӨК кешені саласына тиесілі. Оның жалпы құны 200 млн.