Қазақстан мен Иран өзара тауар айналым
көлемін 3 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Өзара іс-қимылды
кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтитын жоба АӨК, көлік және логистика,
мұнай және газ саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға бағытталған 30
іс-шарадан тұрады. Қазір құжат жобасы Иран тарапының қарауында. Премьер-Министрдің
баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, біздің еліміз қазақстандық өнімді
өткізудің жаңа нарықтарын ашатын мемлекеттермен ынтымақтастықты және қазіргі
заманғы өндірістерді құру мүмкіндіктерін күшейтуге дайын. Үкімет бұл бағытта
басты назарды аспан асты елімен серіктестік орнатуға бұрып отыр. Металл өңдеу,
электрондық коммерция, құрылыс, жаңа материалдар мен технологиялар өндірісі салаларындағы
ірі әлемдік көшбасшылар Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейтуге қызығушылық
танытты. Сонымен қатар тәжірибе, технология, ғылыми әзірлемелермен алмасуға
дайын. Тағы бар айта кетерлігі Үкіметте Қытай Халық республикасының бизнес
көшщбасшылары өзара іс-қимыл алгоритмі және перспективалы бірлескен
инвестициялық жобалардың Жол картасы әзірленуде.