Қазақстанға инвестиция көлемі артты

Қазақстанға инвестиция көлемі артты

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға шетелден келетін инвестиция көлемі шамамен 7 миллиард долларға жетті. Ұлттық банк мәліметі бойынша, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде капитал ағыны 4 млрд-тан сәл ғана асқан болатын. Ірі инвесторлар қатарынан Нидерланды мен АҚШ елдері көрінді. Әрқайсысы шамамен 2 млрд доллар инвестиция құйған. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея, Түркия және Бельгия инвесторлары да белсенділік танытқан. Одан кейінгі орындарда Швейцария – 663 миллион доллар, Ресей – 498,5 миллион және Қытай бар. Соңғысы біздің экономикаға 310 миллионнан астам доллар құйған. Инвесторлар үшін тартымды салалар - тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, сауда, қаржы және сақтандыру қызметі, сондай-ақ құрылыс индустриясы, көлік және қойма секторлары екені анықталып отыр.