Қазақстан 2060 жылға қарай энергетикалық сектордың көміртекті бейтараптығына қол жеткізеді. Бұған ЕҚҚДБ жәрдемдеседі. Бұл туралы банктің ресми парақшасында хабарланды. Қазіргі таңда ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді стратегиясы әзірлене бастады. 2021 жылы ірі қаржылық ұйым Қазақстанға 630 млн доллар инвестиция құйған. Сондай-ақ 18 жоба қаржыландырылды. Оның жартысына жуығы «жасыл» жобалар. «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қарамастан, инвесторлардың басым бөлігі әріптестікті жалғастыруға ниет білдірген. Жалпы тәуелсіздік жылдары елімізге 370 млрд доллардан аса инвестиция құйылды. Оның 101 млрд-ы Нидерландыдан келген. АҚШ-тан 46 млрд доллардан аса қаржы түсті. Алдыңғы үштікті Швейцария түйіндейді. Олар 28,5 млрд доллар құйды.