2022 жылдың екі айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 23%-ке дерлік өсіп, 4 млрд долларды құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, тауар экспорты 1 миллиард доллардан сәл ғана асты. Қазақстанның одақ елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресейдің үлесі басым. Одан кейін Қырғызстан, Беларусь және Армения республикалары келеді.